Мәнмәтін және кейіпкерлер

Қоқыстар және оларды қайта өңдеу тәсілдері тақырыбына арналған аталған сабақтар сериясы қуыршақ спектакльдеріне арналған сценарийлер жинағын білдіреді және тиісті саусақты қуыршақтар жинағымен толықтырылады. Сабақтар мектеп жасына дейінгі балаларға, күнделікті қолданылатын заттар неден жасалатындығын, олар қалай қоқысқа айналатындығын және қоқысты қайта өңдеу оның мөлшерінің азаюына қалай әсер ететіндігін, қолжетімді ойын формасында түсіндіруге арналған. Спектакль ойнай отырып, білім алушылар қажетті коммуникативтік-тілдік, әлеуметтік және шығармашылық құзіреттілікті дамытып қана қоймайды, сонымен қатар эко-бағдарланған ойлауды және қоршаған ортаға аялай қарауды қалыптастыратын экологиялық мәдениеттің базистік қағидаттарын игереді деп күтілуде.

Ұсынылып отырған сабақтар жоғарыда аталған педагогикалық міндеттерді қалай жүзеге асыруға болатындығынің мысалы болып табылады. Сабақтар нақты бір мектепке дейінгі мекеменің білім беру мақсатына жеңіл бейімделуі мүмкін.

Спектакль кейіпкерлеріне есімдер берілмеген, себебі білім алушылардың әрбір тобы оны өзіне сәйкестендіруі үшін. Сабақ алдында оқытушы топпен бірге кейіпкерлердің мінез-құлқын қарастырады деп болжанады.

Спектакльдерде кейіпкерлер үшін қатаң жазылған реплика жоқ – тек олар өздерінің басына түсіп жүрген түрлі оқиғалар ғана сипатталады.

Бұл білім алушыларды шығармашылық сөздік қызметке ынталандыру мақсатында жасалған.

Сабаққа кірісе отырып, оқытушы білім алушылардың арасында рөлдерді олардың қалауына және мүмкіндіктеріне сәйкес бөледі, ал сөздері көп рөлді өзіне қалдырады. Көпшілік спектакльдер аудиториямен қарым-қатынасқа құрылады.

Құжатты жүктеу

Есть предложение?