“Климаттық құбдиша”, Нұр-Сұлтан қаласы.

Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектеп-гимназиясында «Болашақтың экокөпірі» атты оқушылар мен ата-аналарға арналған форум өтті. Екі күндік жиынға еліміздің барлық өңірінен ерекше жобаларымен келген 62 оқушы қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, энергия үнемдеу және қайта өңдеу саласын дамыту бойынша ойларымен бөлісті.

«Эко-әлем. Әлемді кім өзгертеді?» тақы­ры­бымен өткен дөң­ге­лек үстел­де жас өрендер баяндама жасады. Олар жобаларында қолдан жасал­ған эко­өнімдерден бастап, қатты тұр­мыс­тық қалдықтарды сұрып­тау бойынша smart жүйеге дейін қарастырған.

Семей қаласындағы Шәкәрім атын­дағы үш тілде оқытатын көп­бе­йінді гимназияның 11-сынып оқу­шы­сы Құсман Бақытжан бүгінге дейін бала­масы ешбір елде жасал­маған жел турбинасын таныстырды. 16 жастағы оқушы әкесімен бірге жа­саған екі қалақшадан ғана тұратын жел турбинасының көптеген артықшылығы бар екенін айтып берді. «Жел турбинасының бұл түрі әлемде жоқ. Бұл екі қалақ­шасымен ғана энер­гия шығарады, дизайны ерекше. Энер­гияны көп өндіреді. Ауыл шаруа­шылығына және энергия жоқ немесе энергия көздері ауыр алына­тын жерлерде қолдануға болады. Ор­на­т­у, жөндеу оңай. Ең бастысы, эко­но­­микалық жағынан өте тиімді. Қазіргі кезде ең арзан деген жел турби­на­­лары­ның бағасы 1 миллион теңгеден асатын бол­са, мұның бағасы жарты мил­лионға да жетпейді», дейді жоба авторы.

Нұр-Сұлтан қалалық №73 физика-техникалық мектеп-лицейнің 10-сынып оқушысы Жұмабек Нұрахмет жұрт­шылыққа «Флорариум – экологиялық өнім» аталатын жобасын көрсетті. «Флорариум дегеніміз – өсімдіктерді сақтауға және өсіруге ар­налған шыныдан немесе мөлдір мате­­риалдан жасалған қорап. Оның ішінде белгілі бір температура сақ­талады және өсімдікке зиян келтіретін жән­дік­­тер кіре алмайды. Біздің жоба­­­­мыз­дың басты ерекшелігі – флора­­риум­­ға тамшылатып суару техно­лог­ия­­сын қолдануымыз. Бұл үй өсім­дік­­теріне өте ыңғайлы. Сонымен қоса біз топырақтың ылғалдылығы датчи­гін ойлап таптық. Ол тамшылатып суа­рыл­­ған кездегі топырақтың ылға­л­ды­­­ғын анықтауға мүмкіндік береді», дейді ол.

Форумның екінші күні ұйымдас­ты­рылған көрмені қо­ғам­­дық маңыз­ды бастамаларды дамыту қоры қам­қор­шы­лық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаева, Білім және ғылым министр­лігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің өкілдері тамашалады.